Кондиционердің пневмония тудыратыны рас па?

Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа қатысты онлайн сұхбат өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халық арасында тараған бұл әңгімелерге маман жауап берді.

"Кондиционер үнемі жедел өткір вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады. Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған жағдайда, адамдар салқындау үшін кондиционер орнатады. Ыстықтап келіп, салқын ғимаратта салқындаған адам қайтадан ыстыққа шыққанда, адам ағзасында температура ауытқиды. Бұл иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін", - деді Малбасқанов.

Дәрігердің айтуынша, түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін кондиционер фильтрін уақытылы ауыстырып отыру керек. 

"Кондиционер қосқанда біз есіке терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады. Сондықтан, кондиционері бар бөлмеде де вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Әсіресе фильтрі ауыспаған жағдайда. Себебі, ескі фильтр клебсиелла, легионелла бактерияларын таратуы мүмкін. Олар лас жерде өсетін микроорганизмдер. Бұл бактериялар да пневмонияға әкеледі", - деді дәрігер.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр