"Концерт пен КВН ұйымдастырады": Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын әйелі баяндап берді
Танымал актер, блогер Мейіржан Төребаевтың теміртордағы өмірінің қалай өтіп жатқанын әйелі Дана Есеева айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзілкештің әйелі де белгілі блогер. Ол оқырмандарымен жиі сырласып, күйеуінің өмірінен сыр шертіп отырады.
“Қысқаша айтсам: Биыл ақпанға дейін ол тергеу изоляторында болды. Қазір елді мекендер колониясы, Павлодар қаласына көшірілді. Күндіз жұмыс істейді, кешке бөлімге оралады. 5 жылдың 3 жылын өтеді. Концерттер, КВН ұйымдастырады. Спорттық жарыстарға қатысады. Жеңеді. Көп оқиды. Жазбалар жазады. Оның денсаулығы жақсы", – деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін сотталушының қай жерде жазасын өтеп жүргені белгілі болған еді.
Мейіржан Төребаев "№44 мекеме" РММ-де жазасын өтеп жүр. 13 наурыздан бастап ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналасқан.
Мейірхан Шерниязов та "№44 мекемеде" жазасын өтеп жатыр. 13 наурыздан бастап ІІМ ҚАЖК ведомстволық қызметінде "Еңбек-Павлодар" РММ-де жұмысқа орналасқан.
“Павлодар облысы бойынша ҚАЖД "Еңбек-Павлодар" РММ сотталғандарды жұмыспен қамтумен және тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады", – делінген ведомство хабарламасында.