Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қонақтарым шашын жайып келсе, жыным ұстайды": Дариға Бадықова тазалыққа қатысты ойын бөлісті

Отандық актриса Дариға Бадықова оқырмандарымен сырласып, бірнеше сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі тазалыққа қатысты сұрақ қойған оқырманына кеңінен жауап беріп, тазалыққа қатысты ойын бөлісті. 

“Бірдеңе айтайын ба? Үйге қонақ шашын жайып келсе, “жинайсың ба?” деп айтамын. Әлі де сондаймын. Үйді шашып, беті басымды бояп, шашты жайып шыға алмаймын. Үй жинамай сыртқа шықпаймын. Артын бықсытып жүре беретіндер бар ғой. Үйде көрінген жерде шаш тарағанда қаным басыма шабады. Үйде шашты жайып жүрмеймін. Тым-тым тазамын”, – деп жауап қатты актриса. 



Сонымен қатар өнер иесі дінге қатысты пікір білдіріп, әлі де оранғандар мен шешінетіндерде шаруасы жоқ екенін атап өтті. 

“Мен бұл тақырыпты қозғасам, быт-шыт болды. Мен дінді жамылған жүлік емеспін. Орамал шешініп, тағып жүргендерде шаруам жоқ. Бір күні суға түсетін киіммен шықса да таңғалмаймын. “Хиджабты шештім, өз өмірім” деп сауал жолдаған оқырманым пікір сұрапты. Хиджабты киген кезде де өз өмірім деген шешім қабылдадыңыз. Бір күні суға түсетін киіммен шығасыз өз өмірім деп”, – деді өнер иесі.  

Айта кетейік, киножұлдыз коуч-психологтарды тыңдамауға кеңес берді. 

Талқылау