"Қонақүйге орналастырсын": Нұрболат Абдуллин су басқан өңірлердің басшылығына ұсыныс айтты
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин су басқан өңірлердегі жергілікті билікке ұсыныс тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/nurbullin/
Сәуір айының басында еліміздің солтүстігі мен батыс өңірін су басып, халық әбігерге түсті.
“Су астында қалған ағайындар жаппай мектепке орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Үйі салынып біткенше не істейді?! Омыраудағы бала, ата мен әжелерге қиын. Табиғи апат қауіпі бар болсын, жоқ болсын эвакуация пункті салынуы міндетті деп ойлаймын. Азаматтық жеке ойым”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басып, 28 551 адам эвакуацияланды.
Бұған дейін, Құлсары қаласының бес мың тұрғыны Маңғыстау облысына эвакуацияланғанын жазған едік.
Еске салайық, синоптиктер су басқан аймақтарға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.