Комиссия Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бірін жекешелендіруді заңсыз деп таныды
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бірін жекешелендіруді заңсыз деп таныды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды. Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады”, – делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.
- Сыртқы істер министрі Қытай елшісінің посткеңестік елдер егемендігіне қатысты сөзіне пікір білдірді
- "Газпром" Сәтқалиевтің Қазақстан үшін ресейлік газдың бағасы "арзан болады" деген сөзін жоққа шығарды
Сонымен қоса премьер-министрдің құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырғаны айтылады.
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды
Діни сауаттылық не үшін маңызды: Алматы тұрғындары дін туралы ақпаратты қайдан алады
Дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша, діни сауатсыздық пен тексерілмеген дереккөздер адамды радикалды көзқарасқа жетелеуі мүмкін