Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Комада екі күн ғана жаттым деп ойладым": Әнші МакSим жанкүйерлеріне қалай ауырғанын айтып берді

Ресейлік әнші МакSим ұзақ уақыттан бері алғаш рет байланысқа шығып, өзі әлеуметтік желіде пост жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әртіс ауырған кезінде өзін қолдаған жанкүйерлеріне, сондай-ақ оған қамқорлық жасаған дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерге алғысын білдірді. 

"Маған алаңдағандарыңыз, мені қолдағандарыңыз, мен туралы ойлап дұға еткендеріңіз қатты көмектесті. Мені ана дүниеден алып келді. Бүгін мені жансақтау бөлімінен кәдімгі палатаға ауыстырады. Енді өзім жеке бәріңізге алғыс айта аламын", – деп жазды Максим. 

Ол әлі де өзін әлсіз сезінетінін айтты. Әнші жүріп бастаса басы айналатын көрінеді. 

"Дәрігерлер менен қанша уақыт комада жатқанымды сұрағанда “екі күн” деп жауап бердім. Бір айдан астам уақыт өтті дегенде сене алмадым. Жақында үйге шығып, отбасыммен қауышамын деген үміттенемін", – деп қосты ол.

Дәрігерлердің нұсқауынша, ұшаққа отыру мен сахнаға шығуға біраз уақытқа тыйым салынады.

"Өкпелер қалпына келгенше оларға салмақ түсіруіме болмайды. Бірақ мен сіздердің, дәрігерлердің және Жаратқан Құдайдың арқасында демалу қиынға соқса да өмір сүріп жүргенім үшін алғысымды білдіремін", – деді ол.

Дәрігерлердің өзі Максимның тірі қалып, емделіп шыққанын ғажайып деп отыр. 


Бір жарым айдан бері комада: Ресейлік әнші Максимнің жағдайы туралы менеджері айтты


Еске сала кетсек, 11 маусымда әнші суықтап ауырып, аурудың белгілерін сезіне бастады, оның дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілді. Коронавирусқа жасалған тесттер теріс нәтиже көрсетті, бірақ оның жағдайы жақсарған жоқ. 19 маусымда ол пневмониямен ауруханаға жатқызылып, жасанды желдеткіш аппаратымен комаға түсті.

Талқылау