Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлсай көлдері карантин аяқталғанға дейін жабылды

Алматы облысында Көлсай көлдері карантин аяқталғанға дейін жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы Кеген ауданының бас санитарлық дәрігерінің 21 шілдедегі коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау туралы бұйрығы негізінде, 2020 жылғы 23 шілде сағат 00.00 - 2 тамыз аралығында «Көлсай көлдері» мемлекеттік паркі аумағына кіру барлық келушілер үшін жабық болады.

Бұған дейін күшейтілген карантиндік шаралар аяқталғанға дейін ұлттық саябақтарға, танымал туристік және таулы жерлерге (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан және т.б.) кіруге көліктің кез-келген түріне тыйым салынады деп хабарланған болатын.

Жаяу серуендеуге және велосипедпен жүруге тек жұмыс күндері, келесі ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі:

- тамақ (сусындардан басқа) әкелуге, ойын-сауық жасауға және от жағуға тыйым салынады;
- саябаққа үш адамнан көп адамдар кіруге тыйым салынады;
- санитарлық және әлеуметтік алыстау стандарттарын сақтаңыз (маскалар киіңіз және адамдар арасындағы қашықтықты сақтаңыз).


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау