Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолма-қол доллар не себепті жоқ: Қазақстандық банктер мәлімдеме жасады

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер үндеу жасап, қолма-қол доллар не себепті жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындар айырбастау пунктері мен банктерде қолма-қол доллар мен валюталық депозиттен қаражат алу мүмкін емес екенін айтып шағымданып жатыр.

Екінші деңгейлі банктердің бірлескен үндеуінде шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соғып отырғаны айтылған.

"Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Ал валюта сіздің шотыңызда сақталады. Оны онлайн-банкинг арқылы тексере аласыз", - делінген үндеу мәтінінде.

Банктер қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты қиындық тек уақытша деп сендірді.

"Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкпен бірге жұмыс істейміз", - деді олар.

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады.

Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанда не себепті доллар жоқ екенін түсіндірген. 

Талқылау