Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қолыңыздан келмесе, отставкаға кете салыңыз”: Айгүл Орынбек білім министріне қарсы шықты

Айгүл Орынбек білім және ғылым министрі Абай Аймағамбетке қарсы шықты. Заңгер оқушыға бірінші кезекте дұрыс білім беру маңызды деп санайды. 

“Дамыған елдер ғылымға, өркениетке ұмтылса, біз — шүберектен әріге аса алмай отырмыз! Балаларға кәмелет жасына жетпей ата-анасы өз наным-сенімдерін тықпалап, мәжбүрлеуге болмайды",- деген заңды енгізу керек! Әр бала кәмелет жасқа толғанда бұл мәселені өзі шешуі керек! Асхат Аймағанбетов мырза, балалардың киімімен емес, ең алдымен білімімен айналысқаныңыз жөн!Қолыңыздан келмей ме?! Отставкаға кете салыңыз!”, – деп жазды заңгер желіде. 

Желі қолданушыларының бір тобы заңгерді, бір тобы министрді қолдады.

“Шариғатты білмеген соң адам әр жерге мұрнын тығады екен. Орамал таққаның несі жаман? Одан да сахнада жүріп аузына келгенін оттап жүрген еркек емес ездер жайлы қозғасаңдаршы”, “Қыздардың мектепке тым қысқа юбка киіп баратынын неге көтермейсіздер? Хиджаб стандартты мектеп формасы болмағанындай қысқа юбка да стандартты мектеп формасы емес қой. Қысқа юбка киіп баратындар хиджаб киіп баратындардан көбірек”.

“Қай адам не ұстанса да өз еркі, шариғат ұстануы үшін міндетті түрде шариғат ұстанатын мемлекетте тұруы шарт емес. Ешкім орамал тақ деп мәжбүрленбейді, ол адамның өз еркінде. Мектепте орамал тағуға рұқсат берілсе, ол аты айтып тұрғандай "рұқсат берілді", міндеттейді деген сөз жоқ”, “Мектепте хиджаб, орамал емес, арнайы форма болу керек”, “Қыз бала орамал тағатынын 18-ге толғанда өзі шешпей ме?”, “Мектеп пен дінді аралатырмайықшы”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Бұған дейін мектеп формасы бірнеше рет талқыланды. Бұл мәселеге қатысты министр Аймағамбетов пікір білдірді. Қазақстанда енді оқушы қыз балаларға мектепке орамал тағып келуге рұқсат берілуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі ата-анасы орамал тағуға тыйым салғандықтан мектепке баруға рұқсат бермей отырған оқушыларға қатысты ережені жеңілдетпек.


Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді

Талқылау