Қолында төлқұжаты мен телефон нөмірі бар: 11 жастағы украиналық босқын өз бетінше Словакияға барған
11 жастағы бала өз бетінще Запорожье қаласынан Словакиядағы туыстарына барған. Баланың қолында тек төлқұжаты мен анасының телефон нөмірі болған. Алайда әйел баласымен бірге қаладан шыға алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Украина мен Словакция арасындағы шекарадан өту үшін бала Запорожье қаласынан жалғыз келген. Тек төлқұжаты салынған полиэтилен пакеті бар, ал телефон нөмірін қолына жазып алған. Себебі ата-анасы Украинада қалуы керек болған", - деп мәлімдеді Словакция ішкі істер министрлігіндегілер.
Ведомствода баланы еріктілер панасына алғанын айтты.
"Ол өзінің күлкісімен, ержүректілігімен және сенімділігімен барлығын тәнті етті. Қолында жазылған нөмірдің арқасында жақындарымен байланысқа шықты. Олар баладан кейін бірнеше уақыттан соң жетті және оқиға осылай аяқталды", - деді министрліктегілер.
Анасы баласына көмек көрсеткен барша адамдарға алғысын айтты.
"Баламның өмірін сақтап қалғаны үшін алғысымды білдіремін, себебі қаламыздың жанында Ресей әскері мен ұшақтары атқылаған атом электр станциясы бар. Мен анамды жалғыз қалдырып кете алмадым, оның жасы 84-те және өз бетінше жүріп-тұра алмайды. Сондықтан баламды пойызға отырғызып, Словакциямен шекараға жібердім", - деді анасы.