Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолынан іс келетін шебер болса да, күзетші болып жүр": Дәулет Мұқаев әкесі туралы жазба жариялады

Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев әкесі туралы жеке парақшасына жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың әкесі күзетші болып қызмет жасайды. 

“Әкеммен бірге бестің шайы. Жаңа жылдық күндері жұмыспен сәйкес келді. Яғни 31желтоқсан мен 1 қаңтар күні жұмыста отырған жайы бар. Кейде кешке мені шақырып алатын әдеті бар. Әңгімелесеміз, ақылдасамыз, сырласамыз. Әрі үйден жұмысқа әкелген тамағы дәмді болады. Әкем қандай жұмыс істесе де, “мына жұмысты қайтесіз, одан ба басқа жұмыс, кәсіп ашыңыз” деп студент кезімнен айтамын. Себебі көп жерде жалдамалы жұмысшы болды, плотник, қазір күзетші. Әйтпесе қолынан келмейтіні жоқ. Жоғары оқу орнында көркемдік-графика мамандығын бітірген. Өте шебер адам. Ал оның айтатын бір сөзі бар: “Қойшы, балам. Осы күнімізге шүкір дейміз. Ақшаның түбіне ешкім жетпейді. Мен үшін бар байлығым сендерсіңдер (мен және қарындасым). Сендер аман болыңдар”, – дейді. Бір сөзбен айтқанда “басты ауыртпа” дегендей ғой. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің деген сөз бекер емес. Астарында үлкен мән бар. Ата-анамыз аман болсын. Бар кезде қадірін білейік, түсінейік. Өз жұмысына адал еңбек адамдары елде көбейе берсін. Жаңа жылда жұмыста болған жандарға ерекше алғыс!” – дейді депутат желідегі жазбасында. 

Блогер-депутаттың оқырмандары әкесінің жақсы қасиеттерін жарыса жазып жатыр. “Сіздің әкеңіз екенің білмейді екенмін, балабақшаға кішкентайыммен барғанда “қарай тұрыңызшы” деп тастап кетемін ағаның жанына, мен кіріп шыққанша арбамды тербетіп қарап береді” дейді бір оқырман. “Әкеңіздің ағаштан ойып жасаған бұйымдары керемет. Орындық, үстелдің неше түрін жасайтын. “Шынымен өзің жасадың ба?” деп таңғалатынбыз дейді таныс апайы. 

Талқылау