Көлікті оқушы басқарған: Маңғыстауда жол апатынан 2 жасөспірім көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға түсті
Маңғыстау облысында 4 оқушы мінген автокөлік бетон бағанаға соғылып, 2 жасөспірім мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.instagram.com/112_aktau/
Облыстық полиция департаменті оқиғаның Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болғанын мәлімдеді.
Апаттан Ақшұқыр мектеп лицейінің екі 9-сынып оқушысы қайтыс болды.
Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген. Олар да 8-9 сыныпта оқитын жасөспірімдер.
Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу талабына сай, өзге мәлімет жария етілмейді.
Айта кететін жайт, жол көлік апатынан бетон бағанасы құлап, электр желісі үзілген. Соның салдарыран Ақшұқыр елді-мекенінде 43 тұрғын үй электр жарығынсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды