Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды: СҚО прокуратурасы жүргізушіге салынған айыппұлды заңсыз деп тапты
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары азаматқа көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды заңсыз деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Shutterstock
Тексеру барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкері көлік тұрақ ережесін бұзу фактісі бойынша азаматқа айыппұл салғаны анықталды. Алайда әкімшілік іс жүргізу кезінде процестік қателіктерге жол берілгені және көлік жүргізушісінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтардың жоқ екені белгілі болды.
-
Көлігі ескілер жаңасын алғанша айыппұл төлейді – Сенатор автоны 5 минуттан арттық қыздырғандар жайлы
-
Көршілері ұстап берген: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы қазақстандыққа айыппұл салынды
Петропавл қаласының прокуратурасы бұл шешімге наразылық білдіріп, полиция қызметкерлерінің әрекетін заңсыз деп таныды. Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылып, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл алынып тасталды.
Еске салсақ, бұған дейін көлікті қыздыруға бес минут жеткілікті екенін айтқан экология министрі Ерлан Нысанбаев өз көлігімен тәжірибе жасап көрсеткен еді.