Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы мектеп жанында екі баланы қағып кетті

Жүргізуші Нұр-Сұлтандағы мектептің жанында екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қыркүйек күні сағат 10.30-да 1947 жылы туған жүргізуші Kia автокөлігін басқарып, Бурабай көшесінде артқы жүріспен келе жатып, кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы кезінде тротуарда 2019 жылы туған баласы бар әйел және 2012 жылы туған кәмелетке толмаған қыз болған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Әйел зардап шеккен жоқ. Алған жарақаттарынан кейін 7 жасар қыз қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, 2019 жылы туған екінші бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

73 жастағы көлік жүргізуші себеп болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда барынша сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Әсіресе жалпы білім беру мекемелерінің ауданында.

Талқылау