Көлігін берешегін толық төлеген соң алады: Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар көліктің иесі анықталды. Ол қарызын толық төлегенше автокөлік айып тұрағына қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету патрульдік полиция кезекші полкінің инспекторларына қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат түскен.
Құқық қорғау сақшылары мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табатыны нақтыланған.
- Сергек камераларындағы деректер Қытайға жіберіледі: Компания түсіндірді
- "Заман ағымынан қалмау керек": Семейде 70 жастағы әже такси жүргізеді
“Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс”, – деп қосты полиция.
Айта кетейік, 2023 жылы Алматыда “Сергек” камераларынан бюджетке 27 млрд қаржы түскені белгілі болған.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық жұп үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған