Көлгінов LRT құрылысына қатысты түсініктеме берді
Көпті толғандырған LRT құрылысына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"LRT құрылысы барлық азаматтарды толғандырады. Пандемияға және қазақстандық сонымен қатар халықаралық банктерден займ тарту жұмыстарына байланысты құрылыс уақытша тоқтатылды. Қазір жұмыс қайта жанданды. Бүгінде аяқсыз қалған LRT-ның бағандары қаланың көркін бұзып тұр, оған қаншама қаржы құйылды. Қазіргі уақытта инвестиция тарту мақсатында банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді Көлгінов.
Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Арданды іздеу жалғасуда екенін мәлімдеген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар