Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолды жиі жуу мен антисептик қолданудың қауіпі белгілі болды

Дерматологтар қолды сабынмен жиі жуу және антисептиктерді қолдану салдарынан терінің қатты құрғап кету қауіпі бар екенін ескертеді. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты В.А. Рахманов атындағы тері және жыныстық жолмен берілетін аурулар кафедрасының доценті Людмила Смирнова айтты деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қолды зарарсыздандыру мақсатында антисептктерді күніне екі реттен көп емес қолданған жөн. Сонымен қатар, дезинфекциялық препараттарды тек қоғамдық орындарда жүрген адамдарға қолдану ұсынылады.

Дәрігер сонымен қатар әрбір бес минут сайын қол жууға болмайтынын айтты. Оның айтуынша, қолды күніне алты реттен көп жууға болмайды.

Өз кезегінде, косметолог Галина Каштанова вирусты хлоргексидин сияқты құрамында хлоры бар заттармен күресу кезінде тері шалдығуы мүмкін проблемаларға тоқталды. Сонымен қатар ол қорғайтын кремдерді қолдану қажеттілігі туралы да айтты. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолды жиі жуып, коронавирусқа қарсы құрамында спирті бар антисептикпен зарарсыздандыруды ұсынды.

«Сабын вирустарды жояды. Егер қолыңызды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирті бар немесе дезинфекциялық майлықтарды қолданыңыз », - дейді мамандар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр