Қолданушылар WhatsApp мессенджерінде ақау байқалғанын мәлімдеді
Танымал WhatsApp мессенджерінің жұмысында ғаламдық ақау байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар мессенджер арқылы жіберілген хабарламаның екінші қолданушыға бармайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар WhatsAppWeb-ті де қосу мүмкін емес.
Downdetector платформасы ұсынған мәліметке сәйкес, мессенджердегі ақау туралы Грузия, Израиль, Оман, Уганда мен Палестина еліндегі қолданушылар да хабарлаған.
Қазақстанда кей қолданушылар өзге де мессенджерлер мен банк қосымшаларындағы уақытша ақау бар екенін мәлімдеді.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"