Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлбаевтың қылмыстық тобын қаржыландырған": Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды

Қырғызстанда Қамчыбек Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша қазақстандық кәсіпкер Ясынжан Таировқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Вечерний Бишкек

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік меклекеттік комитетінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға байланысты қазақстандық кәсіпкер, "Симирам" демалыс базасының иесі Ясынжан Ниязұлына іздеу жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, "Бауырластық шеңбері" халықаралық қылмыстық тобының құрамында болған Қамшыбек Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қазақстандық кәсіпкердің қаржыландыру фактілері анықталды. 



"Таиров Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біліп, онымен бірлескен бизнес жобаларды жүргізу үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының иесі Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелер беріп отырған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Таиров Көлбаев ұйымдастырған мерекелік кештерде оған қымбат сыйлықтар тарту еткен. 

“Таиров Көлбаевқа мерекелік іс-шараларда қымбат сыйлықтар тарту еткен. Айта кетейік, Таиров пен Көлбаев арасындағы кездесулер Чолпон-Ата қаласындағы Көлбаев пен оның филиалдарына тиесілі "Барс" кешенінің аумағында өткен. Таировқа қатысты жиналған материалдар негізінде Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі сырттай бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ қылмыстық қудалау үшін мемлекетаралық және Интерполдың Ұлттық орталық бюросы арқылы іздеуге жарияланды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті криминалдық авторитет Камчы Көлбаевтың (Камчыбек Асанбек) өлтірілгенін мәлімдеген еді. 

Талқылау