Көктайғақ кезінде жарақат алмас үшін не істеу керек – Министрлік кеңестерімен бөлісті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа көктайғақ кезінде жарақат алмас үшін қандай шаралар жасау керектігі жөнінде кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз күтілуде. Салдарынан көктайғақ пайда болып, адамдар мен көліктердің қатынауы қиындаған. Министрлік жұртшылыққа сақ болуды ескертіп, мынадай кеңестерімен бөлісті:
- Жаяу жүру кезінде аяқты толығымен басып, тізеге салмақ түсірмеу керек. Дәл пингвиндердің жүру тәсілін қайталаңыз. Аяғыңызды сәл бүгіңіз, тізеңізді тіктемеңіз, күшті табанға түсіріңіз. Әр қадамыңызды аз-аздан басқаныңыз жақсы.
- Мұз қатқан тайғақ кезде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.
- Аяқ киім таңдауда өкшесі жоқ етіктерді таңдаңыз.
- Егер тайғанап, құлап бара жатқаныңызды сезсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және жанға ауыстыруға тырысыңыз. Арқамен құлау қауіпті.
- Егер құлап қалып, аздаған болсын ауырсынуды сезсеңіз, міндетті түрде дәрігерге бір көрініңіз. Медициналық көмектен жеңіл жарақат алған жағдайда ғана бас тартуға болады. Басыңызды мұзға соғып алсаңыз, елемей жүре беруге болмайды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр