Көкшетауда жезөкше клинетінің бар ақшасын тонап кеткен
Көкшетауда клиентінің ақшасын ұрлаған жеңіл жүрісті әйелді ұстады.
© AFP / REMY GABALDA
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам желі арқылы Жасмин есімді бойжеткенмен танысқан. Жігіт ауылдан қалаға келіп, екеуі пәтер жалдаған. Ішімдік ішім масайған соң бойжеткен жігіттің әмиянындағы 80 мың теңгені ұрлап кетеді.
Ертесіне ер адам полицияға арыз жазады. Алайда қыздың есімін де, фамилиясын да есіне түсіре алмайды. Бойжеткен телефон нөмірін де өшіріп тастаған. Полицейлер кейіннен бұрын сотталған 24 жастағы қызды ұстады. Жауап алу барысында ол 14 қараша күні де қонақүйден өзгенің 16500 теңге ақшаны ұрлағанын мойындаған.
Енді екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
«Оскарды» ұтқан әйгілі гримерді Назарбаев туралы фильм түсіріліміне шақыртты
Бағдат Мусин: Қазіргі жастар 4 жыл тайраңдап бос жүреді, тек диплом алса болды
Ақтөбеде дін жолында жүрген ата-аналар намаз оқитын таксист іздейді