Көкшетауда құны 20 миллион теңге болатын контрабандалы темекіні сатпақ болғандар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік ұсынған мәліметке сәйкес, "Газель" маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді.
“Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды”, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгеге тең.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"