Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып тастады - бес бақайынан айырылды
Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды", - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.
Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған