Көкшетауда ер адам Қопа көліне жалаңаш шомылған

Видеодан скриншот
Көкшетауда ер адам Қопа көліне жалаңаш шомылып, айыппұл арқалады. Тұрғынның әрекеті кездейсоқ куә болған, әсіресе жақын маңнан өтіп бара жатқан қыз-келіншектердің наразылығын туғызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам достарымен бірге жүрген. Желідегі ақпаратқа сәйкес ер адам мас болған. Ол киімін шешіп, "Қыздар, қараңдар!" деп айқайлап, өзінің жыныстық мүшесін көпшілікке көрсеткен. Куәгерлер бұл "ешқандай әсер қалдырмайтын көрініс болды" деп сипаттады.
Оқиға сәті түсірілген видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған соң, полиция қызметкерлері нудистің тұлғасын жедел анықтады. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп пен әдеп сақтауға шақырып, мұндай әрекеттердің жазасыз қалмайтынын ескертті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген