Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап әкетпек болған

Көкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/sinegor.kz

Баланың ата-анасы мен еріктілер оқиға куәгерлерін іздейді. Оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. 

“Боровская ықшамауданы, 53-үйдің ауласынан бала ұрламақ болды. Оқиға шамамен сағат 19:00-20:00 аралығында 54-үйдің жанында болды. Белгісіз біреулер екінші сынып оқушысын көлікке сүйреп апармақ болған. Бала дер кезінде қашып үлгерген. Қазір полиция балаға көмектескен ер адамды іздестіріп жатыр. Егер оқиға көрген өзге де куәгерлер болса, +7 771 123 0068 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген жазбада. 

Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

“Көкшетау тұрғынының кәмелетке толмаған ұлын ұрлау әрекеті туралы арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталуда. Тергеу ПД басшылығының жеке бақылауында”, – делінген полиция хабарламасында. 

Талқылау