Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 17 студент уланып қалды

Көкшетау қаласында студенттер дәмхана мәзірінен уланып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттердің барлығы жеке амбулаторияға жүгінген.

"Студенттер тіркеуде тұрған медициналық мекемелеріне жүгінді. Стационарлық ем қабылдаудан бас тартты", – дейді ведомство.

Ал нақты қай дәмханадан уланғаны туралы айтудан денсаулық сақтау басқармасы бас тартты.

Полиция департаменті студенттердің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"29 наурызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының дәмханаларының бірінде колледждің 17 студенті уланғаны туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен арыз түсті. Кешкі астан кейін жастар жүрек айну, құсу және іш өту қолайсыздықтарына шағымдана бастаған. Санитарлық қызмет ауруға себеп болған бірқатар санитарлық ережелердің бұзушылықтарын анықтады", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция басқармасы дәмхана иесіне қатысты "санитарлық ережелерді бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Талқылау