Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны телефонындағы мәліметтерді өшірмей сатып жіберіп, ақшасынан айырылды

Көкшетау қаласының тұрғынын киви-әмиян арқылы тонап кеткен алаяқ қолға түсті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша 5 ақпан күні Көкшетау ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Белгілі болғандай қала тұрғынының киви-әмиянындағы 50 мың теңгені белгісіз біреулер шешіп алған.

Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кейін қыздың бірнеше күн бұрын Көкшетау қаласында тұратын жас жігітке ұялы телефонын сатқаны анықталды. Қыз барлық жеке шоттарының құпия таңбасын ұялы телефонында сақтап, өшіруді ұмытып кеткен. Ал осы мүмкіндікті құр жібермеген қылмыскер оны өз пайдасына жаратқан.

Қазір күдікті деп 22 жастағы жігіт ұсталды. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары халықтан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, еш уақытта бөгде адамға құпия таңба, есепшот нөмірі сияқты жеке ақпараттарды бермеуді сұрайды.

Олар ұялы телефон арқылы жеке куәліктің, квитанциялар мен есепшоттың көшірмесін суретке түсіріп немесе хат арқылы жібермеу керек деп ескертті. Қандай сылтау айтса да белгісіз адамдарға ақша аударуға болмайды. Полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болған жағдайда, ішкі істер органдарына  хабар беруге кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада “Керуен” жанында үш қызды қағып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты

«Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхан құпия масондық ұйымының мүшесі болған

Қарағанды облысында екі адамды өрттен құтқарып қалған 17 жастағы жігіт марапатталды 

Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)

 

Талқылау