Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Керуен” жанында үш қызды қағып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада “Керуен” маңында үш бойжеткенді қағып кеткен Болат Молдағалиевке қатысты сот үкімі шықты. Сот азаматты жол апатына кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото Facebook желісінен

«Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Б.Молдағалиевті ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 тармағы және 347 бабы бойынша кінәлі деп тапты. Бұл ретте оған ҚР ҚК-нің 315 бабы 2 тармағы бойынша оны 3 жылға көлік жүргізу құқығынан және 9 айға бас бостандығынан айыру туралы, ҚР ҚК-нің 347 бабы бойынша, 3 жылға көлік жүргізу құқынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын»,-деді судья.

Ақырында сот ҚР ҚК-нің 58 бабы 2 тармағына сәйкес қатаң жазаны жеңілдетті. Сот Болат Молдағалиевті 3 жылға көлік жүргізу құқынан және 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы қорытынды шешім шығарды.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Астанадағы “Керуен” сауда орталығы маңында жол апаты орын алды. Жүргізуші үш қызды қағып кетті. Олардың бірі Әсел Рымханова ауыр халде ауруханаға түсті. Сондай-ақ, тұрақта тұрған бірнеше автокөлікке зақым келді. Аталған жайт жаппай қоғам талқысына түсті. Ақырында жүргізуші желі арқылы кешірім сұрап, өзінің эпилепсиямен ауыратынын айтып ақталды. Алайда сараптама нәтижесі оның бойынан ауру белгілерін таппады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық банктер несие алаяқтарының пайда болғанын ескертеді

«Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхан құпия масондық ұйымының мүшесі болған

Тоқмәдидің бұрынғы әйелі: Мұратханның төсегінің астында доллар толы спорттық сөмке жатты

Оралда адам өлтіріп үш рет сотталған адам сүйіктісін жолықтырды

Талқылау