Қоқыс шығару жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоқыс шығару жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау әкіміне сөгіс жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
9 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңес өткізіп, облыс қалалары мен аудандарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар шығару және санитарлық тазалық мәселесін қараған. Соңғы уақытта ақтаулықтар тарапынан шашылған қоқысқа қатысты шағымдар артқан. Оны өңірге келетін туристер мен жергілікті жұртшылық шашатын көрінеді.
Қазір тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы қалаға жақын маңда орналасқан Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындарын да алаңдатып отыр. Жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкіміне, оның орынбасарына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.
Талқылау

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлімі жауап береді