Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көкірегі кішкентай": Қырғызстан режиссеры Әсел Асқарды киносына түсіруден бас тартты

Отандық актриса Әсел Асқарды қырғызстандық режиссер киносына түсіруден бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Актриса қазақ киноиндустриясының дамуына үлес қосып жүрген талантты актрисалардың бірі. 

“Комедия жанрында түсірілген “Родной2” фильмінде Аиданың рөлін сомдаймын. Менің табиғатыма қарама-қарсы келетін кейіпкердің рөлі. Басында мені режиссер ұнатпай қалған, кейін продюсері көндіріп, мені бекітті. Аида –жеңілтек, жігітің ақшасын ғана жаратып жүретін қыз. Продюсер Еламанның қалыңдығы менің оқырманым екен. Сол қыз менің фотомды көрсеткен. Режиссер көріп, “төсі кішкентай екен” депті. Ол кісінің сөзі менің қатты намысыма тиді. Әр әйел затының арына тиетін сөз деп ойлаймын. Продюсерге хабарласып, ренжігенімді айттым. Кейін өздері хабарласып, мені рөлге бекітті. Актрисалық қабілеттімнің арқасында киноға қабылдандым. Көрерменге ұнайтыны анық”, – дейді актриса. 

Еске салайық, “Родной” фильмінің бірінші бөлімі 1 млрд-тан астам касса жинап, топ жарған еді. Екінші бөлімінен де күтілетін үміт көп. 

 

 

Талқылау