Көк базарда сүт сататын саудагерлер айыппұл төлейтін болды
Алматыдағы Көк базар сатушылары таза емес сүт сатқан. Санитарлық дәрігерлер тағамнан қауіпті бактерия тапты. Барлық тауар тәркіленіп, саудагерлерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Базар әкімшілігі ескерту алды. Тексеру жүргізуге әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған. Антисанитариялық жағдайда сатушылар сүт қоспасын дайындаған.
Қаймаққа не қосылатыны нақтыланбаған. Видео авторы бұл «қытайлық» ұнтақ екенін айтады. Санитарлық дәрігерлер сатып алып, оны анықтаған. Оның құрамынан ұнтақ табылмағанымен, неше түрлі микробтар бары анықталды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"