Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көк тиынына дейін қайтарып бердім": Боксшы Данияр Елеусінов жалақысына қатысты дауға нүкте қойды

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жалақы дауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kfb.kz

Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жарым жыл бойы алып келген еңбекақысын толықтай кері қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.

“Жақында ғана бір жарым жыл бойы алып келген жалақының барлығын кері қайтардым. Осылайша спорт мектебіндегі жұмыстан шықтым. Енді ол жерде жұмыс істемеймін. Салық мекемесіне барып, арнайы есеп жүргізіп, барлығын төледім. Көп сома деуге келмейді. Тәжірибем де тоқтап тұр. Ресми түрде жұмысқа орналасу керек. Бірақ кәсіби бокста жүргендіктен, ол әзірге мүмкін болмай тұр. Мен өз елімде жұмыс істеуге, өскелең ұрпақпен тәжірибемді бөлісуге дайын болдым. Ешқандай өкпе жоқ. Қазір бәрі жақсы. Жақында шаршы алаңға ораламын деп үміттенемін”, – деді кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов.

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Данияр Елеусінов бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқанына қарамастан, Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып отырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Кейін Астана спорт басқармасы да Данияр Елеусіновтің 2021 жылдан бері жаттықтырушы лауазымында жұмыс істейтінін растады. Ол жартылай штаттық негізде 80 мың теңге көлемінде жалақы алып келген екен. 

Талқылау