Қоғамдық тыңдауда Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салуды қолдады
Сейсенбі күні Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Тыңдауда жергілікті халық аймақтағы атом энергетикасының дамуын қолдады, сонымен қатар оның өз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын атап өтті", – делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.
Талқылауға қатысушылар АЭС-тің салынуы аймақ үшін экономикалық пайда әкелетініне де тоқталды.
Алайда АЭС құрылысын жария талқылауға қатысу үшін арнайы келген азаматтық және экологиялық белсенділер қарсы болды.
Талқылау қорытындысы бойынша Алматы облыстық мәслихаты Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында АЭС салуға келісу мәселесі бойынша шешім қабылдайды, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрлігі елдегі алғашқы АЭС-тің Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салынатынын хабарлаған еді. Стратегиялық нысан салу үшін қазіргі уақытта 4 үміткер бар. Дегенмен нақты қай компания салатыны әлі таңдалмаған. Үміткерлер тізімі:
- HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;
- APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;
- ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;
- EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы".