Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салықтан жалтаратындар көбейеді: Маман салық жүйесі өзгермесе, елді не күтіп тұрғанын айтты

Қазақстандағы салық жүйесі өзгермесе, асхана, дәмхана, мейрамхана сияқты қоғамдық тамақтану орындары жабылып тынады. Себебі кәсіпкерлер мың құбылған нарыққа бейімделіп үлгермейді. Сондықтан қарызға батып, несие алып жүріп бастаған ісін жарты жолда тоқтады дейді рестораторлар қауымдастығының өкілдері. Өйткені табыстан шығын көп екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

ҚР рестораторлар клубының қаржы директоры Ирина Лебедева, сюжеттен кадр

Яғни қазір жеміс-жидек, көкөніс, азық-түлік тауарлары күн сайын қымбаттап жатыр. Алайда бизнесмендер соған сәйкес мәзірін, ұсынатын тағамының бағасын өзгерте алмайды. Ал келесі жылы салық жүктемесі артса, қоғамдық тамақтану орны қалмауы мүмкін деп дабыл қақты кәсіпкерлер. Әрі оларға қолдау көрсетуге ниетті Үкімет те жоқ деп ашынады. Салық кодексіндегі шағын және орта бизнес үшін жеңілдіктерді алып тастауға қатысты өзгерістер елдегі асхана, дәмхана, мейрамханалардың жаппай жабылуына әкеп соғуы мүмкін. Пандемиядан әрең дегенде ес жиған көп кәсіпкердің жанайқайы осы.


Бағдат Мусин алдағы уақытта электронды цифрлық қолтаңба QR-мен алмастырылатынын мәлімдеді 


Яғни табысынан шығыны көп кішігірім бизнесмендер салық жүктемесі артса, нарықта бір күнде қала алмайды дейді рестораторлар қауымдастығының өкілдері.

Тіпті қазірдің өзінде тапқандары қызметкерлерінің айлығы мен жалға алған ғимараттың құнын төлеуге кетеді. Әрі азық-түлік, көкөніс секілді күнделікті қажетті тауарлар құны аспандап барады. Бірақ тауар қымбаттады екен деп кәсіпкер мәзірі мен бағасын өзгерте алмайды. Өйткені айлап, жылдап жинаған тұрақты тұтынушыларын жоғалтады.

Демек, қалай тартса да шығынға батады. Сол кезде кәсібін сақтап қалудың жалғыз жолы –  көлеңкеге өту болмақ.

“Кәсіпкердің табысын, жұмысшысын жасырып жұмыс істеуден басқа амалы болмайды. Қазірде кей жерде айлықты қолға береді ғой. Енді сондайлар көбейеді. Көбінесе дәмхана, мейрамханаларда әлеуметтік осал топқа кіретін азаматшалар жұмыс істейді. Сосын студенттер. Қазір кәсіпкерлер тиынды тиынға қосып, тірлік етіп жүр. Табыс жоқ десек те болады. Енді жеңілдетілген табыс салығының мөлшерлемесі өссе, жағдай тіпті қиындайды. Онсыз да салық жүктемесі көп”, – дейді ҚР рестораторлар клубының қаржы директоры Ирина Лебедева.

Айталық, соңғы екі жыл ішінде 35 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатқан. Сөйтіп мыңдаған адам табыссыз қалды дейді Ирина. Сол үшін салық жүктемесін арттырмас бұрын нарықты дұрыстап зерттеп алу қажет екен.

Айтуынша, барлық салық түрі біріктірілген бірыңғай төлемді енгізуді қолдайды. Бірақ 20 пайыздан аспауы тиіс. Ал табыс салығы осы 3 пайыз деңгейінде сақталғаны абзал. Ал Ұлттық экономика министрлігіндегілер кәсіпкерлерге көмек көрсетуге керек екен деп талапты үнемі жеңілдете беруге болмайды деді.

Әзірге жабылып қалудың сәл-ақ алдында тұрған шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау үшін Қазақстан Үкіметі қандай шара қолданары белгісіз. Бірақ депутаттар кәсіпкерлердің мәселесінен хабардар секілді.

Мәселен, мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова арнайы салық режимінің қолданылу мерзіміне қатысты шектеулерді алып тастап, табыс салығының мөлшерлемесін сақтап қалу қажет деп отыр.

Талқылау