Қазақстандық қобызшы парашютпен секіріп, әуеде күй тартты
Белгілі қобызшы Ләйла Тәжібаева қазақстандықтарды Республика күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Қобызшы 3600 метр биіктіктен парашютпен секіріп, әуеде қобызбен Ықыластың “Жезкиік” күйін орындады.
Аталған жобаны қобызшы Ләйла Тәжібаева мен Қазақстан авиациялық спорт федерациясының вице-президенті Тимофей Меркулов бірлесе жүзеге асырды. Бейнежазбада бұл ерекше жобаның Республика күніне арналатыны айтылған.
“Біз Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін парашютпен секіру барысында қобызбен күй тартуға шешім қабылдадық. Бұл жаңа тәжірибе. Меніңше, парашютпен секірген адамға бәрі оңай болып көрінеді”, – дейді қобызшы Ләйла Тәжібаева.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған