Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артуда

Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырғандар саны күрт артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері республикада қызылшаға күдікті 169 жағдай тіркелген.  Оның ішінде 107 жағдай зертханалық расталды, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 96 жағдай, бір жасөспірім және 10 ересек адам тіркелген.

"Екпе алмаған балалардың 70 пайызы қызылшамен ауырған, оның ішінде 45 жағдай екпеден бас тартуға байланысты, 16 жағдай медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 14 жағдай вакцинация жасына жетпегендіктен, ал қалған 13 жағдайда вакцина салдырып, салдырмағаны белгісіз ", - делінген хабарламада.

ӘКК қызылшаның ауа-тамшылы жолмен берілетін жоғары жұқпалылығымен сипатталатын ЖРВИ ұқсас белгілерімен жүретін жіті вирустық ауру екенін еске салды. Инфекция көзі науқас адам болып табылады; ауру адаммен қысқа мерзімді байланыста болған барлық вакцинацияланбаған адамдардың жұқтыру қаупі бар.

Талқылау