Көбейтұз көлінде домбыра тартқан қазақстандық қыз америкалық журналға шықты (видео)
Әлемдегі ең танымал сән журналдарының бірі Vogue өзінің Instagram-дағы парағында қазақстандық домбырашы туралы пост жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде астаналық бойжеткеннің видеосы тарады. Ол «Көроғлы» күйін Нұр-Сұлтан маңындағы қызғылт көлдің жағасында орындады.
«Қазақстандық Маржан Қапсаматпен танысып қойыңыздар. Ару Қазақстанның ежелгі мәдениетін инстаграмның қазіргі әлеміне алып келді. 23 жастағы бойжеткен ұлттық аспап - домбырада ойнайды», - делінген журналдағы бейнежазбада.
Бойжеткен қазақтың ұлттық қазақ көйлегін киіп танымал болды. Желі қолданушылары жаппай мақтауын асырды.
"Қазақтың домырасы - қазақтың үні", "Жарайсың, қазақ елін жақсы жағынан таныта бер", "Өзгеге таңсық болғанды өзіміз бағалай бермейміз", - деп жазды желідегілер.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”