Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

KMF

Түркі инвестициялық қоры (ТИҚ) мен "KMF Банк" АҚ Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (МШОК) қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған 10 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

KMF Банкпен жасалған бұл мәміле – Түркі инвестициялық қорының өңірдегі алғашқы келісімі. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті дамыту және ТИҚ-қа мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту бағытындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашады. Тартылған қаражат МШОК-ты несиелеуге бағытталады. Сонымен қатар, ТИҚ-қа қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық өзара байланыстарды нығайтуға және бизнесті кеңейтуге ықпал ететін жобаларды іске асыратын қосалқы қарыз алушыларға ерекше назар аударылады.

Аталған кредиттік желі аясында Түркі инвестициялық қорының қатысушы елдер арасындағы экономикалық интеграция мен өзара байланыстарды күшейту жөніндегі негізгі мандаты іске асырылады. Бұл өз кезегінде елдер арасындағы өзара сауданың дамуына және неғұрлым ықпалдасқан ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуына ықпал етеді.

KMF1
"Түркі инвестициялық қорымен келісімге қол қою қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Тартылған қаражат микро, шағын және орта бизнесті, соның ішінде қорға қатысушы елдермен ынтымақтастық пен сауда байланыстарын дамытатын компанияларды қаржыландыру көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл серіктестік өңірдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз", – деп атап өтті KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Түркі инвестициялық қоры – Әзербайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан мемлекеттері құрған алғашқы мамандандырылған халықаралық қаржы институты. Қордың негізгі мақсаты – экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өңірішілік сауданы кеңейту және түркі әлеміндегі тұрақты дамуды қолдау. Қор микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (МШОК), сауда және логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық өзара байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды қаржыландырады.

Банк операцияларын жүргізуге ҚНРДА 25.11.2025 жылы берген №1.1.121 лицензия

Назархан Уән
Жұма, 03 Шілде, 2026 09:30