Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітте аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте имам аяғын уқалатқаны үшін сынға қалған еді. ҚМДБ бұл жағдайды дұрыс емес деп бағалады. Мешіт ғибадат үйі, рухани орталық, киелі мекен, иман мектебі болғандықтан, онда әрбір адам әдеп ережелерін сақтауы керек дейді.



"Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті жерде халықтың наразылығын тудырған әрекеттері үшін мешіт имамына ескерту жасады", – деп хабарлады мүфтият.

Сондай-ақ ҚМДБ мешіттердегі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, жанжалды жағдайларды болдырмау керегін еске салды.

Еске салсақ, Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкері сынға қалған еді.

Талқылау