Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Палестина халқының тарихи құқығын қолдаймыз": ҚМДБ Газа секторындағы қантөгіске қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинадағы қантөгіске қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМДБ қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен шешілуін тіледі.

“ҚМДБ Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді. Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз”, – деді діни басқарма.

Ол қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа залал келтірмеуді сұрады. ҚМДБ ресми түрде Палестинаны қолдайтынын көрсетті.

“Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдаймыз. Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырамыз”, – делінген ведомоствосында. 

Талқылау