Қызметінен босатылған Черчесовке футбол федерациясы 1 млн еуро төлеуге міндетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылған Станислав Черчесовтың қанша ақша алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images
Черчесовпен бірге оның жаттықтырушы штабы да командадан кетеді.
Спорт сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, келісімшарт бұзылған жағдайда Қазақстан футбол федерациясы Черчесовқа 1 миллион еуро (539 миллион теңге) төлеуге міндетті. Бұл сома тараптар арасындағы келісімде көрсетілген.
Айта кетейік, Черчесов Қазақстан құрамасының бапкері қызметіне 2023 жылдың соңында келді. Құраманы бір жылға жуық жаттықтырған ол 2025 жылдың 27 қаңтарында қызметінен кетті.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”