Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызмет көрсетіп жүргенде бір жігітпен таныстым": Алматылық жезөкше намаз оқуға ниеттеніп жүр

Жезөкше қыздарды секс-құлдықта ұстайтын бандиттік топтар елімізде әлі де бар. 26 жастағы Айнұр есімді бойжеткен 3 жыл секс құлдықта болған. ОЛ қазір зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін орталыққа жүгінді.

Бұл туралы "Рейтинг" арнасында айтылды.

"Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль жеңілжүрісті қыздардың көбі Оңтүстік Қазақстаннан шығатынын айтады. 

"Ол жаққа Өзбекстан жақын болғандықтан сол елден келетін қыздар көп. Оларды жігіттер пайдаланады. Алдап жұмысқа шақырады, кейін секс-құлдыққа салады, не өз еркімен жеңіл жолға түседі", - деді ол.

Айнұр Алматыға келген соң жеңіл жүріспен ақша тапқанын айтады. Кейін әлдекімдердің ықпалымен 3 жыл секс-құлдықта жүрген. 

"Әке-шешем мені асырап алған екен. Әке-шешеммен ұрысып Алматыға кетіп қалдым. Шымкентте оқып жүрген колледжімді тастадым. Алматыға келіп көлік жуып жүрдім. Бір күні таныс қыз жезөкшелік жолды айтты. Солай ақша табу оңай деді. Көлік жуып, суық су ұстасаң, денсаулығың құриды деді. Сосын келістім. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Ақша тауып жүрдім. Сейфуллин көшесінің бойында тұратынмын", - деді Айнұр. 

Бойжеткен өзімен бірге жұмыс істеп жүрген қызбен пәтерге тұруға келіседі. Оған ақшасын беріп жүреді. Ақыры соның айтқанын істеуге мәжбүр болады. 

"Бастапқыда өзім ақшамды жаратып қоятын болған соң соған беріп жүрдім. Бір күні ол өзі мүлде адам қабылдамайтынын айтты. Өзі жүкті еді. Бір пәтерде тұруға өзі ұсыныс айтқан болатын. Ол маған адам тауып береді, мен қызмет көрсетем. Ақшасын сол алады. 3 жыл солай болды. Мені ұрып-соғатын. Ешқайда шығармды. Жанында құрбысы мен дос жігіттер де мені ұрып соғатын. Киім алуға менімен бірге баратын. Әр адымымды аңдып жүрді", - деді ол.

Алайда бұның бәрі артта қалды. Қазір сөйлесіп жүрген жігіті бар. Ол бәрінен хабардар. Бұл жолдан кетуін сұраған. Айнұр бәрі реттелсе, тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болып, намаз оқимын деп ниеттеніп жүр. 

Талқылау