AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Қызымен жиі көріскісі келген: Қарағанды облысында ер адам бұрынғы әйелі мен баласын адамдардың көзінше ұрлап кеткен

Қарағанды облысының Балқаш қаласында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының ұрлану фактісін куәгерлер көзбен көрген. Полиция қаскүнем әйелдің бұрынғы күйеуі екенін анықтаған. Оның мұндай әрекетке баруы – қызын жиі көргісі келгендігі. Баласы мен анасын ұрлау жайлы хабарлама Балқаш полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғыннан келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоңырау шалған ер адам қызы жұмыстан шығып, балабақшаға баласын алып кетуге кеткенін, бірақ содан кейін үйге оралмағанын айтып хабарласқан. Әйел мен қыздың жоғалып кетуі фактісін тергеуді арнайы жедел-тергеу тобы бастады.

Өтініш түскеннен кейін бірден полиция бірнеше мүмкін нұсқаларды, соның ішінде жоғалған адамдардың бұрынғы күйеуі, баланың әкесі ұрлаған болуы мүмкін екенін айтқан. Балабақша қызметкерлері куәлік бергеннен кейін, осы нұсқаның растығы анықталды. Ер адам адамдардың көзінше әйел мен баланы көлікке отырғызып, белгісіз бағытта қарай кеткен.

Белгілі болғандай, оқиғаға дейін ерлі-зайыптылар ажырасып, қыз Қарағандыдан Балқашқа туыстарына келген. Бірақ бұл ер адамға ұнамаған, себебі ол қызымен жиірек көріскісі келген.



Бұл туралы Балқаш қаласынан хабарлама алғаннан кейін Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің болуы мүмкін барлық орындарды қараған. Олар әйел мен баланы облыс орталығындағы жер үйлердің бірінен тапты. Сондай-ақ бұл жерде күдіктінің өзі де ұсталған.

Жедел уәкілдер болжағандай, ер адам өзінің іс-әрекетін бұрынғы жұбайының көрші қалаға кетуі, оның қызымен кездесуіне кедергі келтіргенін түсіндірді. Сол кезде ол оларды күштеп Қарағандыға қайтаруға шешім қабылдады. Ұсталған азамат мұндай мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастар аясында сотта шешілуі керек деп ойламады.

Қазіргі уақытта өңір полицейлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясына сәйкес, ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр