"Қызыма Даун синдромы диагнозы қойылды": Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте ана атанған сәтін есіне алды
Танымал эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші рет ана атанған сәтін “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді.
Фото: Подкастан скриншот
Өнер иесінің айтуынша, қызының әкесімен небәрі 8 ай тұрып, екіге кеткен.
“Екінші жүктілігімде скринингтан өткен кезде маған дәрігерлер баланы Даун синдромына шалдыққан, түсік тастау керегін айтты. Мен одан бас тарттым. Даун синдромы диагнозын қойып берген соң, мен жай ғана іштей дайындалып жүрдім. Сөйтіп мен күні-түні жылап дұға етіп, Алладан сұрай бердім. Тілегім қабыл болып, сау қыз тудым. Қызымды босанатын кезде де қызық оқиға болды. Босанатын кезде мен басқа дәрігерге бардым, ол мені "сау бала туасың, Даун синдромы жоқ" деп сендірді. Босанардан үш сағат бұрын құрма жеп, арнайы дұғаларын оқып, дайындалдым”, – дейді әнші.
-
Төтенше жағдай кезінде елімізде 100 бала аман-есен дүниеге келген
-
Бесікке салу рәсімін өткізген: Құлсарыдан эвакуациялау кезеңінде Бейнеуде 6 сәби дүниеге келді
Одан кейін өнер иесі босану процесінің қалай өткенін де жасырмай айтып берді. Сәбидің кіндігі мойнына алты рет оралып қалған көрінеді.
“Мен қызымды күшенбей тудым. Дәрігерім маған "күшенбе" деп айтты, ал менің жаным қиналып, қатты жылап жатырмын, "шыдай алмаймын" деп айғайладым. Сөйтсем "күшенбе" деп айтуының себебі, қызымның мойын айналасында кіндік алты рет оралған екен. Қызымды өте ұзақ босандым. Босанғаннан кейін қарасам, сәби көкпеңбек, мен "өліп қалған бала тудым" деп ойладым. "Балаға не болды?" деп бүкіл бөлмеге байбалам салдым. Баланың түрін көріп, менің үмітім үзілді. Оның үстіне мен баланың мойнында бірнәрсенің оралып тұрғанын көріп тұрмын ғой, сосын дәрігер қызымды алып, мойнындағы кіндікті шешті де, көтенінен бір ұрды. Қызым шыр ете қалды. Қызымды қойныма жатқызған кезде маған әлемде ешнәрсе керек емес болып қалды. Бұған дейінгі басымнан өткергеннің түкке тұрғысыз екенін түсіндім", – деп өнер иесінің көңілі босады.
Айта кетейік, эстрада жұлдызы тұрмыста болған қиындықтарын есіне алды.