Соңғы жаңалықтар

"Қызым оқушылардың қолынан "айфон" көріп таңқалған": Үнемі кешігіп жүретін адамдар мен автобустар да Жапониядан келген маманды таңқалдырған

Қазақстанға тұңғыш рет жапон массажын алып келіп, кәсібін дөңгелетіп отырған Назым Осака бүгінде отандық жұлдыздар, саясаткерлер мен бет-күтіміне бейжай қарамайтын жерлестеріміздің арасында өте танмал. Назым тек қана сұлулық саласында қызмет етіп қана қоймай, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, жағдайы жоқ жандарға тегін курстарын үйретеді. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Назым Осака Қазақстанға көшіп келуінің себебін, қазақ пен жапон халқының айырмашылығы туралы бөлісі, бет терісіне жасалатын күтімге қатысты кеңес берді. 

Назым Осака
–    Назым, сіз бірталай жұртқа жапон массажын жасаудың шебері ретінде таныссыз. Жапон массажын Қазақстанға алып келген жалғыз адам сіз бе?

–    Иә, Қазақстанға ең алғаш келгенімде, адамдар массаждың не екенін түсіне бермейтін. Оның алдында барлығы жүздеріне укол салып, мәз боп жүрді. Бірақ екі жылдан кейін иненің әсерінен бетте ісік пайда бола бастайды. Сол кезде ғана көбісі бет уқалаудың қадірін түсінеді. Қазір Қазақстанда массажға деген сұраныс жоғары. Бұрын ине салдыру сән болса, қазір массаж шықты. Елімізде шеттен келген еш пайдасы жоқ массаждар көп. Бізде ешкімді қадағалап тексеріп жатпайды ғой, сол себептен де массаж саласында былықтар көп. 

–    Жапон массажының кереметтілігін естіп жатамыз. Оның өзгелерден айырмашылығы қандай сонда?

–    Массаж жасау әдісі ең алғаш Қытайда IV-V ғасырда пайда болған. Жапондар сол жақтан үйреніп, кейіннен оны одан әрі дамыта түскен. Жапон массажының айырмашылығы оның нақты нүктелермен жұмыс жасайтындығында. Қытайда жалпы массаж болса, жапон массажы – арнайы нүктелермен ғана жұмыс істейді. 

–    Қазақстанда сіздің жапон массажыңыз туралы қалай біле бастады?

–    Мен туралы ең алғаш шетелде жүрген бай-бағландар естіп,  Жапониядан Астанаға арнайы шақыртты. Оларға массаж жасадым. Жұмысымды бірден ұнатты. Міне, бұл жақта мені осылай таныды. Бірақ ол кезде Жапонияға қайтып кетіп қалдым. 2013 жылы Қазақстанға көшіп келгенімде Алматыдағы ең қымбат массаж-салонына жұмысқа орналастым. Ол жерге тек бай адамдар ғана барады. Сонда бір жарым жыл жұмыс істедім. Өз клиенттерімді сол жерде жинай бастадым. Сөйтіп кейіннен өзімнің жапон массаж-салонымды аштым.

–    Сізге тек танымал адамдар ғана массаж жасататынын естіген едім... 

–    Жоқ, маған министрлерден бастап, бизнесмен және қарапайым мұғалімдер де келеді. Адамның қалтасының қалыңдығына қарамаймын және барлық адамға баға да бір. Ең бастысы жасалған массаждың нәтижесі болуы керек. Массаждың бағасы – 3000 теңгеден басталады. Зейнеткерлерге жеңілдік жасап қойғанбыз. Тіпті ауруханадағы дәрігерлер науқастарды бізге жіберіп отырады. Біздің баға қолжетімді болғандықтан кейбір массаж-салондары бағаны түсіргенім үшін маған ренжулі. Кейде «Жапонияңа кет!» деп елден қуғысы келетіндер де кездеседі. Массажды әр адам жасатуы керек деп есептеймін. Өйткені біз адамдардың денсаулығы үшін жұмыс істейміз. Мысалы, Жапонияда массаж жасату қымбат емес. Қазақстанда не үшін қымбат болуы керек?

Назым Жұлдыз

–    Ал танымал жұлдыздардан кімдерді айта аласыз? 

–    Жалпы шоу-бизнес өкілдерінің көбі инеге жүгініп жататыны белгілі. Ал бетке салынған инелердің күшін массаж қайтарады. Басқаша бетті қалпына келтіру мүмкін емес. Біздің салонға әншілер де көп келеді. Атап айтсақ, қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова бар, әнші Лидо. Қазір ол Америкада тұрып жатыр. Бірақ кетер алдында бізден массаж алып кетті. Опера әншісі Майра Мұхамедқызы да біздің салонды жақсы көреді. Танымал тележурналист Айгүл Мүкей де солай.  Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен анасы Нұржамал Үсенбаева да бізден массаж алады. Актриса Жәния Журинская, Сая Оразғалиева да біздің салонға жиі келіп тұрады. Белгілі спикер Қуаныш Шонбай да бар. 

–    Сондай дамыған алып мемлекетті тастап, Қазақстанға келуіңізге не себеп болды?

–    Мен Қазақстанға 2013 жылы келдім. Оның алдында Жапон елінде 16 жыл тұрдым. Ол жақта эстетикалық екі салоным бар еді. 2015 жылы қызым Қазақстанның музыкалық оқу орнында білім алғысы келетінін айтып, Алматыға оқуға кетті. Жапонияда жағдайым жақсы, қалай Қазақстанға барамын деп қызыма біраз ренжідім. Содан не керек мен де екі салонымды сатып, жиған-тергеніммен қызым үшін амалсыз көшіп келдім. Ол бір жылдай қазақ және орыс тілдерін оқып, кейін грантқа  түсті. Қазір Австрияда оқып жатыр.

Бір қызығы, жарты жылдан кейін маған Жапониядағы қала әкімінен хат келді. Елден не себепті кеткенімді сұрап, көмектесеміз деген. Мен ол жақта жалғызбасты ана ретінде мемлекеттен жәрдемақы алатынмын. Косметолог, массаж оқуын сол жақта тегін оқығанмын. Өз бизнесімді ашу үшін де мемлекет пайызсыз несие берген. Жапон елінде жалғызбасты аналарға жақсы көмектеседі. Тіпті Қазақстанға көшіп кетсем де, олар балам 18 жасқа толғанша жәрдемақы беріп тұрды. 

–    Нағыз жапондардың ортасынан кейін Қазақстанға үйрену оңай болмаған шығар?

–    Жапон менталитеті менің қаныма сіңіп кеткен. Алғашқы жылдары бұл жақтағы адамдардың кешігіп жүретініне үйрене алмадым. Массажға жазылып, уақытында келмейтін. Бірақ қазір клиенттерім тәртіпке үйренді. Негізі Қазақстан мен Жапон елін салыстырсаңыз, 20 жыл айырмашылық бар. Ол жақта тәртіп мықты. Соны ойлап, қызым екі айдан кейін-ақ Жапонияға қайтып келетін шығар деп ойлағам. Мысалы, автобус сағаты қаншаны көрсетсе, сол уақытта келеді. Ал мына жақта автобусты екі сағат күтіп тұрасың ғой. Жапонда тамақтың гармониясы бар. Бүгін балық жесең, күні бойы содан жасалған тағамдар жейсің. Бізде болса, бір күнде неше түрлі тамақты араластырып жей береміз. Содан кейін Жапонияда мектепте 3-сыныпқа дейін балаларға тек тәрбие береді. Қоғамда қалай жүру керек - соны үйретеді. Мәдениеттілікке қатты тәрбиелейді. Балаларды кішкентай кезінен еңбекке баулиды. Олар қайда барса да, өз арттарын жинап жүреді. Сондай-ақ, оқушылар телефон ұстауға дағдыланбаған, әйтпесе ол жақта смартфондардың түр-түрі бар. Олар кітап оқуға машықтанған. Алғашында қызым мына жақтағы мектеп оқушыларының қолынан айфондарын көріп таңқалған. 

–    Соңғы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін массаж курсын үйретіп жүрсіз. Тіпті өз салоныңызға жұмысқа алады екенсіз. Бірақ көп кәсіпкерлерді білемін, мүгедек жандарға жұмыс ұсынбайды. Мұндай жақсылық жасауыңыздың себебі бар ма?

–    Иә, мүгедектігіне қарай массажды тегін және жеңілдік бойынша үйретемін. Ақшадан қысылып тұрған жетімдер мен жағдайы жоқтарды да оқытамын. Жақында Алматыда қоғамдық, тек мүгедек жандар жұмыс істейтін массаж салонын ашамын. Ең алғаш менен массаж курсын 30 жастағы зағип жігіт оқыды. Ол бала кезінен емес, бертін келе көзі көрмей қалған екен. Депрессия болып жүргенде маған оқуға келген. Сөйтіп не керек, жақсы жұмыс істеп, көп ақша таба бастады. Бірақ ол бір күні ішкілікке салынып кетті. Жұмысқа ішіп келе бастады. Себебін сұрап, ұрысқанымда маған «Бір күнде соқыр болып қалу не екенін түсінбейсің ғой сен» деп жауап берді.

Оның жағдайына кіріп көру үшін мен бір күні көзімді байлап соқыр болып көрдім. Сол бір күнде көрмегенім жоқ. Арыққа да түстім, жолдардан да адасып кеттім. Соқыр ғой деп жол көрсетіп, көмектескен адам аз болды. Тіпті бір еркек соқырлығымды пайдаланып, үстімді тіміскіледі. Осыдан қазіргі  адамдардың жүректерінің қатайып кеткенін білдім. Осылайша, таңнан кешке дейін бір күн соқырдың күйін кештім. Жаныма батқаны соншалық, үйге келгеннен кейін ұзақ жыладым. Содан бастап әсіресе соқырларға массаж тегін үйретуді бастадым. Мүгедек жандардан ешқандай зиян көрмейсің.

–    Бет терісін қалай күту керек?

–    Бет теріңіз әдемі, әрі жас көрініп тұрсын десеңіз, ең бірінші жейтін тамағыңыз дұрыс болсын. Сондай-ақ, таза су көп ішу керек. Мультивитаминдер қабылдаған дұрыс. Мүмкіндігінше неше түрлі қоспасы бар тағамдар жемеу керек. Бетті ең бастысы, тазалап жуып, нәрлендіре білу керек. Басқа ештеңе керек емес. Не нәрсемен бетіңді жуып, жағасың соған байланысты. Көзге жағатын крем бөлек болуы керек. 


Сұхбаттасқан Анар Дәукен

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...