Қызылордалықтар қауыннан чипсы жасап жатыр
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ғалымдары қауыннан чипсы өндіруді қолға алды. Ерекше жобаға мемлекеттік бағдарламадан қаржы қаралып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеп.

Табиғи өнім алдымен оқу орнының зертханасында дайындалып, тың тәжірибе оң нәтиже берген. Алдағы уақытта қытырлақ қауын өндірісін ұлғайту үшін заманауи кептіру қондырғыларын алу көзделуде.
Жалпы, Сыр өңірінде қауын шаруашылығы жақсы дамыған, сондықтан шикізат мәселесі туындамайды. Жоба толық жүзеге асса, ғалымдар тәулігіне 300-500 келі қауын чипсыйын өндіруді жоспарлауда.
"Негізгі идея - жастар арасында дұрыс тамақтануды жолға қою. Осы жобаны қазір біз бастап жатырмыз", - дейді жоба жетекшісі Самалбек Қосанов.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды