Қызылордалық жігіт 21 жастағы әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын әйелін аяусыз ұрып-соққан. 21 жастағы келіншектің мәйіті өз үйінен зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: abdulla_kz скрин
26 жастағы Біржан Жаңабай 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп, қашып кеткен. 21 шілде күні таңертең зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің денесі табылды.
Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Қазір іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін қайғылы оқиғаның басқа мәліметтері жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылғаны туралы жазған едік.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық