Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз баланың әкесі атанды
Қызылорда тұрғыны Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың әйелі егіз баланы өмірге әкелді. Ақын бір, бір қыздың әкесі атанды.
Сүйінші хабарды Нұрмұхаммедтің досы, ақын Қалқаман Сарин желіде жариялады.
"Екеуміз көп сыр айтатынбыз. Досымның арманы отбасын құрып, бала сүю еді. Бүгін алла қалап, сол арманына жетіп отыр. Жұбайы егіз баланы, бір ұл, бір қызды өмірге әкелді. Бауы берік болсын", - дейді ақын.
"Шабыт" фестивалінің лауреаты атанған Нұрмұхамед мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан аузына таяқша тістеп телефонға жазу арқылы өлең шығарады. Одан бөлек шахматтан өткен жарыста облыс чемпионы атанған.

Фото: © instagram.com/kalkamansarin_
Бұған дейін Нұрмұхаммед Әбілқасымов "Тағдырымның жанары", "Тасжарған" атты жыр жинағын шығарған. Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, әкім қолынан екі бөлмелі пәтердің кілтін алған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
