Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен
Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкері Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңға бағынбай қала шетіндегі Қарауыл төбе ауылына қашып, күріш алқабына кірген. Сол кезде қосымша көмекке келген полиция нарядының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып бөгемек болған. Оны да елемеген жүргізуші полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп уақыт өтпей 32 жастағы күдікті қолға түсті.
“Орта дәрежелі масаң екендігі анықталып, уақытша ұстау изолторына қамаққа алынды. Автокөлікайыптұрақта. Қазіргі таңдабилік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша сотқадейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әміржан Өтегенов.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді