Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді

Видеодан скриншот
Қызылордада көрші баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 қаңтар түні Қызылордада әйел мен оның 34 жастағы қызы пышақ жарақаттарынан мерт болды. Қайғылы жағдай түсірілген видео желіде тарады. Сондай-ақ балаға тиесілі болуы мүмкін делінген хат алмасу скриндары да жарияланды. Онда бала досына қатты қорқып отырғанын, анасы мен әжесінің көз алдында өлтірілгенін жазған.

Негізгі күдікті – марқұмның көршісі. Ол оқиға орнында ұсталды. Ал полицияны оқиға орнына көршілері шақырған екен. Кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар